Республикалық “Мұнара” телеарнасының бас директоры Болат Көкенайұлы мен бас оператор Ербол Малыбаев Абай облысына арнайы іс-сапармен келді.
Іс-сапар барысында телеарна басшылығы Абай облыстық “Мұнара” телеарнасының жаңа студиясымен танысып, БАҚ саласының өкілдерімен жүздесті. Жүздесу барысында бас директор алдағы жоспарланып отырған жаңа маусыммен таныстырып, іс-сапардың алдағы күндеріне бірігіп бірқатар жоспарлар құрылды.
Телеарна ұжымымен бірқатар бағдарламалардың түсірілім жұмыстары өтті. Атап айтсақ, “Бабалар сөзі”, “Баталы ел”, “Отбасы кодексы” және “Иманым – жиғаным” бағдарламалары түсірілді.
Абай облысының Бас имамы – Асқар Әбітайұлының қатысуымен “Иманым-жиғаным” атты бағдарламаға сұхбат жүргізілді. Сұхбат барысында Асқар Әбітайұлының осы салада жүріп өткен жолы, білім алған ордасы және жеке өмірі жайлы сұрақтарға жауап алынды.
Сонымен қатар “Бабалар сөзі”, “Баталы ел”, “Отбасы кодексы”, “Алашқа адал кәсіп” бағдарламаларына арналған түсірілімдер жүргізілді.
“Алашқа адал кәсіп” бағдарламасында облысымыздағы халал сертификаты бар кәсіпорындарының бірімен танысып, сұхбат жүргізілді.
“Мұнара” телеарнасы қазақтың ұлы ақыны – Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойына арнап арнайы “Абай” мұражайына барды. Мұражай директоры Ұлан Болатұлы экскурсия жүргізіп өтті. Құнанбай Өскенбайұлы жайлы деректер, Абайдың балалық шағы мен шәкірттері жайлы қызықты мағлұматтармен таныстырды.
Қаламыздағы көне тарихы бар мешіттер жайлы да деректі фильм түсіріліп, тарихтарына көз жүгірттік. Мешіт имамдары және жамағаттарынан сұхбат алынды.
Аталған іс – сапар барысында Абай облысының рухани тұрмыс-тіршілігін ақпарат кеңістігімен байланыстыра отырып, діни-танымдық болмысын насихаттауға бағыттадық.


























Пікір қалдыру