Құрметті Абай елінің жамағаттары!
Баршаңызды күллі мұсылман қауымы үшін ең қасиетті мерекелердің бірі – адамзаттың ардақтысы, екі дүниенің сардары, сүйікті Пайғамбарымыз Мұхаммед Мұстафа (с.ғ.с.) дүниеге келген Мәуліт мерекесімен шынжүректен құттықтаймын!
Бұл күн – имандылық пен ізгіліктің, мейірім мен рақымның, әділдік пен парасаттың нышаны. Мәуліт мерекесі бізге Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) өмірінен үлгі алуға, оның адамзатқа қалдырған ұлы өнегесін жүрекке сіңіруге мүмкіндік береді. Ардақты Елші (с.ғ.с.) бізге сабыр мен шүкірді, татулық пен бірлікті, мейірім мен кешірімдіүйретті. Сондықтан бұл мереке әрбір мұсылманның жүрегіне рухани қуат беріп, иманын күшейтетін ерекше күн.
Қасиетті Құранда Раббымыз Пайғамбарымызды (с.ғ.с.):«Шын мәнінде сен, әлбетте, ұлы мінезгеиесің» (Қалам сүресі, 4-аят), – деп сипаттаса, тағы бір аятта барша адамзатты Алла Елшісінен (с.ғ.с.) өнеге алуға шақырады: «Расында, сендер үшін, Алланы да, ақырет күнін де үміт еткендер және Алланы көп еске алған кісілер үшін Алланың Елшісінде көркем өнегелер бар» (Ахзаб сүресі, 21-аят). Олай болса, бүкіл ғаламға мейірім ретінде жіберілген Елшінің (с.ғ.с.) есімін ардақтау, сүннетіне амал ету – сауапты іс.
Алла Тағала баршамыздың жүрегімізді иманнұрымен нұрландырып, амандық пен саулық, береке мен бірлік, татулық пен тыныштық нәсіпетсін! Еліміз аман, жұртымыз тыныш, дініміздің мәртебесі биік болсын!
Асқар қажы Әбітайұлы, Абай облысының бас имамы,
Абай облысының Абай Құнанбайұлы атындағы орталық мешітінің бас имамы.




















Пікір қалдыру