АБАЙ ОБЛЫСЫ: КЕЗЕКТІ ПӘТУА САҒАТЫ ӨТТІ

Жұма намазынан кейін Абай облыстық Абай Құнанбайұлы атындағы орталық мешітте жұмаға келген жамағаттарға Пәтуа сағаты өтті. Пәтуа сағаты кезінде Шариғат және пәтуа бөлімінің Абай облысы бойынша жауапты маманы Түменбай Құттыбек “Пайғамбарымыздың (с.ғ.с) туған күнін тойлауға бола ма?”, “мәуліт мерекесі қалай тойланады?”, т.б.  осы сынды тақырыптағы сұрақтар легіне жауап берді.

Айта кетейік, Пәтуа сағаты әр жұма намазынан кейін тұрақты түрде өтеді. Қандай да бір сұрақтары бір жандар Жұма намазынан кейін қалып сұрақтарын қоюына болады.