Семей қаласы мешіттері Ислам дінін жаңадан қабылдаған және асыл дінімізге қызығушылығы бар жандармен “Расскажи мне об Исламе” атты кездесу өткізді.
Рухани кездесу ерекше форматта өтті. Алдымен қаламыздағы көне мешіттерге экскурсия жүргізіліп, 2 ғасырға жуық тарихы бар құлшылық орындарының тарихымен таныстырылды.
Кездесуге қатысушыларға Семей қалалық тарихи Тас мешітінің бас имамы Нұрбек қажы Назерұлы, қаладағы ең көне мешіттердің бірі саналатын Ағаш мешітінің бас имамы Дәулет қажы Жұмаханұлы және Даланбай ата мешітінің бас имамы Ұлан қажы Ермекұлы Ислам дінінің көркемдігі, дініміздегі әйел адамның мәртбесі, «Иман-Ислам-Ихсан» сынды тақырыптарда орыс тілінде уағыз-насихаттарын айтты. Сондай-ақ, шара қонақтары дінімізге қатысты өздерін ойландырып жүрген көкейлеріндегі сұрақтарын қойып, имамдар тарапынан өз сауалдарына тұщымды жауап алды.
Жиын соңында қатысушыларға арнайы дастарқан жайылып, мешіт атынан естелік сыйлықтар табысталды. Қонақтар игі шараны ұйымдастырушыларға алғыстарын білдіріп, қызметтеріне береке тілеп тарқасты.




























Пікір қалдыру