Абай облысы, Семей қаласының мешіт имамдарына “Уағыз айтудың әдебі мен мәдениеті” атты семинар өтті.
Аталған семинарға спикер болып елордамыздан РАНТ мүшесі, Астана қаласы Әл-Фараби мешітінің наиб имамы – Ғазиз Ахмет келді.
Семинар барысында Абай облысының Бас имамы Асқар Әбітайұлы семинардың маңыздылығын айтып, Ғазиз Ахмет ұстазға алғысын білдірді.
Семинарға қатысушыларға Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ұйымдастыруымен өткен І республикалық уағызшылар форумында қабылданған «Уағыз-насихат айтудың әдебі мен мәдениеті» тұғырнамасы түсіндірілді.
Сонымен қатар, Ғазиз Ахмет уағыз – насихат айтудың 5 маңыздылығын, уағыз-насихаттың 6 түрін, пайдаланылатын 6 негізгі дереккөзді, уағыз-насихаттың 4 құрылымын, уағыз-насихат айтушының 5 сипатын, 4 әдіс-тәсілдерін, уағыз-насихатының 9 сипатын толыққанды талдап, баяндап өтті.
Уағыз айтушыға қойылатын талаптар жайлы, атап айтқанда, киім кию, сөз саптау этикасы туралы, сондай-ақ уағыз айту барысында жіберілетін қателіктер туралы мәлімет берді. Кездесу соңында қатысушылар өз сұрақтарын қойып, тұщымды жауап алды.























Пікір қалдыру