Аягөз қаласындағы «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» мәдениет үйінде «Шаңырақ шаттығы – Мәуліт нұры» атты мерекелік рухани кеш өтті.
Кеш шымылдығын Мәулітке кіріспе өлеңімен ашылып, Абай облысы, Семей қаласының бас имамы Асқар Әбітайұлының уағыз – насихатымен жалғасты. «Қозы Көрпеш – Баян Сұлу» мәдениет үйінің әртістері дайындаған «Соңғы мүмкіндік» және «Тәубеге келу» атты көріністері көптің жүрегін тебірентіп, көздеріне жас алғызды. Рухани жүрекке жетер Абай әндері жамағатты бір серпілтіп тастады. Мәуліт айында жарияланған «Менің – пайғамбарым» атты шығарма бәйгесімен «Менің – мешітім» атты сурет туындысы бәйгелерінің қорытындысы шығарылып, жеңімпаздарға сыйлары таратылды. Аудан имамы Нұржан Медеуханұлы рухани кешті қорытындылап, келесі жылғы мерекелерге ел – жұрт амандығында жетуді тіледі.



























Пікір қалдыру