АБАЙ ОБЛЫСЫ: ОРТАЛЫҚ МЕШІТТЕ ҚОС МЕРЕКЕ ҚАТАР АТАЛЫП ӨТТІ

Абай Құнанбайұлы атындағы орталық мешітінінің жанындағы “Дін мен дәстүр” орталығында Мәуліт мерекесі мен Халықаралық қарттар күніне орай ақ дастархан жайылып, берекелі кеш өтті.

Рухани кешке өңіріміздің Аталар мен Әжелер мектебінің өкілдері және және дін жанашырлары мен мешіт жамағаттары жиналды.

Мәуліт кешінің шымылдығын орталық мешіттің ұстазы Ералы Нугуман Мәуліт жырын оқумен бастады. Сондай-ақ, дәстүрлі әндер шырқалып, құттықтау тілектер айтылып, әжелер шашуларын шашты.

Абай облысының Бас имамы Асқар қажы Әбітайұлы Мәуліт мерекесінің ерекшелігі және қарттарға құрмет туралы уағыз-насихат айтып, құрметті қарияларымызға мерекелік сыйлықтар табыстады.

Кеш соңында биылғы жылы дүние салған қарттарымыз бен елімізге белгілі тұлғалардың рухына арналып оқылған Құран хатым дұғасы жасалып, марқұмдарға сауабы бағышталды.