АБАЙ ОБЛЫСЫ: БАС ИМАМ НҰР-МҮБӘРАК УНИВЕРСИТЕТІ СТУДЕНТТЕРІМЕН ЖҮЗДЕСТІ

Абай облысының Бас имамы – Асқар Әбітайұлы “Нұр-Мүбәрак” университетінде оқып жатқан Семейлік студенттермен кездесіп, сұхбат құрды.

Бас имам жастарды елге қызметті туған жерден бастау, ілімнің зекетін беру, еңбекте табанды болу жайлы ақыл-кеңестерін айтты. Студенттерді өңірге діни қызметке шақырып, жас мамандарға қолдау көрсетілетіндігін жеткізді. Сондай-ақ, діни қызметтің жауапкершілігі, білім үйренудің артықшылығы туралы сөз етті. Студенттер өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, тұщымды жауап алды.

Кездесу соңында студенттерге арнап Абай облысының атынан дастархан жайылды. Ақ дастархан басында рухани сұхбат жүрді.

Қазіргі таңда Нұр – Мүбәрак униеврситетінде Семей қаласынан 57 студент білім алуда. Бірінші курста 18 бала білім алып жатыр. Алдағы 2025-2026 жылғы оқу жылында 5 бала университетті тәмамдағалы отыр.