АБАЙ ОБЛЫСЫ: ҚМДБ ХАЛАЛ ДАМУ БӨЛІМІ ӨҢІР БОЙЫНША АУДИТ ЖҮРГІЗДІ

Абай облысындағы бірқатар кәсіпорындарда айлық аудит жұмыстары жүргізілді. Бақылау-қадағалау шараларын «Халал Даму» технологы Данияр Бақзейнелұлы мен жергілікті өкіл Ардақ Меллетұлы орындады.

Абай облысындағы іс-сапар барысында өңірдегі бірқатар кәсіпорындарға аудит жүргізіліп, өндірісте бекітілген халал стандарты талаптарының орындалуы қадағаланды. Сондай-ақ, кәсіпорын қызметкерлеріне халал турасында оқу-семинар өткізіліп, шариғат талаптары түсіндірілді.