Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы 2026 жылды діни сала аясында «Ислам және адал қоғам» жылы деп жариялады.
Осы орайда, ҚМДБ Абай облысы Зекет және қайырымдылық қорының ұйымдастыруымен “Адал еңбек адамына құрмет” деген атаумен қала тазалықшыларына арнап ақ дастархан жайылды.
Абай облысының бас имамы Асқар қажы Әбітайұлы дастарқан басына жиылған қонақтарға жылы лебізін білдіріп, ақ тілегін арнады.
Кеш қонақтарына қазақы ән мен жырдан шашу шашылып, жергілікті өнерпаздарымыз қонақтарды бір серпілтіп тастады.
Сондай-ақ, қаламыздың тазалығы үшін күндіз-түні талмай еңбек етіп жүрген жандарға айрықша құрмет көрсетіліп, әйелдер қауымына арнайы сыйлықтар табысталды.
Қала тазалықшыларының жұмысына табыс, отбасыларына амандық тілейміз.
























Пікір қалдыру