Абай облысының Бас имамы Асқар қажы Әбітайұлының жетекшілігімен Абай обысына қарасты қала және аудан имамдарының 2026 жылғы алқалы жиыны болып өтті.
Алқалы мәжілістің шымылдығын “Абай Құнанбайұлы” мешітінің ұстазы Ералы қари Нугуман Құран аяттарымен ашты.
Ауқымды жиналыс барысында Абай облысының Бас имамы Асқар қажы Әбітайұлы ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының Бағдарлық баяндамасы толыққанды таныстырылып, имамдарға тиісті тапсырмалар берілді.
Алқалы жиын барысында Абай облысы бойынша 2025 жылы атқарылған шаралардың есебі баяндалды. Сондай-ақ, биылғы жылдың «ИСЛАМ ЖӘНЕ АДАЛ ҚОҒАМ» жылы болып жарияланғаны және осы жылда атқарылуға тиісті іс-шаралардың жоспары да имамдарға таныстырылды.
Сонымен қатар жиынға келген имамдарға “Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының құрылымы” түсіндірілді.
Алқалы жиын соңында Асқар қажы Әбітайұлы қала-аудан имамдарын аталмыш жоспар негізінде жыл бойы аянбай еңбек етуге шақырып, нақты тапсырмаларды берді. Сондай-ақ, ауылдық жерлердегі мешіт имамдарын да осы ҚМДБ бекіткен жоспар негізінде қызмет етуге баулу керектігін баса айтты.























Пікір қалдыру