Семей қалалық Тас мешітінің имамы Нұрбек қажы Назерұлы зейнеткерлік жасқа толуына орай өз өтініші негізінде қызметінен ауысып, жауапты да, сауапты міндеті жас маманға табысталды.
ҚМДБ Төрағасы Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бұйрығымен аталмыш мешітте наиб имам қызметін атқарып келген Еркебұлан Қанатұлы Тас мешітінің имамы болып тағайындалды.
Қасиетті жұма күні Тас мешітінде “Қонақ күту мен қонаққа бару әдебі” тақырыбында жұма уағызын айтқан Абай облысының Бас имамы Асқар қажы Әбітайұлы көп жылдардан бері имамдық қызметті абыроймен атқарып келе жатқан Нұрбек қажыға Алғыс хат табыстап, иығына шапан жауып құрмет көрсетті. Сондай-ақ, жаңа тағайындалған имам Еркебұлан Қанатұлының қызметіне береке тіледі.
Айта кетейік, Еркебұлан Қанатұлы – “Астана” медресе-колледжін бітірген, бірнеше жыл Тыныбай мешітінде және Тас мешітінде наиб имам қызметін атқарып келеді.

























Пікір қалдыру