«Халал Даму» мамандарының Абай облысына іс-сапары аясында өңірдегі сертификатталған кәсіпорындарда жоспарлы айлық аудит жұмыстары жүргізілді. Бақылау-қадағалау шараларына «Халал Даму» директоры Айбек Асқарбекұлы, Абай облысының бас имамы Асқар Әбітайұлы, сондай-ақ жауапты мамандар Ардақ Меллетұлы мен технолог Данияр Бақзейнеұлы қатысты.
Аталған аудит жұмыстарының негізгі мақсаты – кәсіпорындардың халал стандарттарына сәйкестігін
Іс-сапар барысында мамандар Абай облысында орналасқан «Arai East Food» шұжық цехына және «Восток Бройлера» ЖШС (Ардагер құс фабрикасына) аудит жұмыстарын жүргізді. Тексеру кезінде өндіріс орнындағы санитарлық-гигиеналық талаптардың сақталуы, шикізат сапасы, технологиялық процестердің дұрыстығы және құрал-жабдықтардың жағдайы жан-жақты қаралды.
Сонымен қатар, ҚМДБ “Халал Даму” бөлімінің директоры – Айбек Асқарбекұлы “Мұнара ТВ” телеарнасының өңірдегі студиясында қонақ болып, Абай облысы бойынша “Мұнара ТВ” телеарнасының меншікті тілшісі – Аружан Берікқызы тізгінін ұстаған “Сәті түскен сұхбат” бағдарламасына сұхбат берді.
Сұхбат барысында Халал Даму бөлімінің құрылуы, мақсаты, жұмысы және қоғамдағы “халал” сөзінің ұғымы жайлы өзекті тақырыптарда мағлұматтар берді. Сондай-ақ, ҚМДБ Халал Даму бөлімінің алдағы уақытта атқаратын жоспарлары туралы баяндап берді.
Толығырақ сұхбатты ҚМДБ-ның төл телеарнасы «Мұнара» арнасынан Отаудан 20 арна, ID тв 23 арна, ЦЭТВ 22 арнадан көре аласыздар. Ютубтан көру үшін сілтеме: https://youtube.com/@munaratv

























Пікір қалдыру