АБАЙ ОБЛЫСЫ: ҚҰРБАН АЙТҚА ДАЙЫНДЫҚ ҚАРСАҢЫНДА ҚАСАПХАНАЛАРҒА ТЕКСЕРІС ЖҮРГІЗІЛДІ

Құрбан айт мейрамының басталуына да аздаған күндер қалды. Осы орайда, Абай облысының Бас имамы Асқар Әбітайұлы, Семей қаласының әкімшілік қызметкерлері және Құрбан айтта өткізілетін шараларға жауапты мешіт қызметкерлері Северный базарындағы мал сататын орынды, Жоламан кентіндегі, Дальный кентіндегі және Байғожин көшесіндегі алдын-ала келісілген мал сою орындарын аралап, қасапхана бөлмелерімен, ет сақтайтын тоңазытқыштармен танысып, дайындықтарын пысықтап өтті.

Мал союға арналған орындарға шариғи талаптар, санитарлық талаптар жайлы түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Мейрам күндерінде белгіленген орындар үздіксіз қызмет атқаратын болады.