АБАЙ ОБЛЫСЫ: 800 БАЛА МЕКТЕПКЕ ҚАЖЕТТІ ҚҰРАЛМЕН ҚАМТЫЛДЫ

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы “Зекет және қайырымдылық” қорының ұйымдастыруымен Абай облысында «Мектепке жол» акциясы өтті. Игі шара аясында әлеуметтік осал топтағы және көпбалалы отбасы санатындағы 800 балаға мектеп сөмкелері мен оқу құралдарымен табысталды.

Семей қаласы “Абай Құнанбайұлы” атындағы орталық мешітте 200-ден астам балаға қажетті құралдар табысталды. Акция аз қамтылған, көп балалы отбасылардан шыққан мектеп оқушыларына, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған бүлдіршіндерге, сондай-ақ, көп балалы мешіт қызметкерлерге көмек көрсету мақсатында өтті.

Өйткені әр бала отбасының әлеуметтік жағдайына қармастан, сапалы білім алуға толық құқығы бар. Шара кезінде ҚМДБ Абай облысы бойынша бас имам Асқар Әбітайұлы оқушыларды келе жатқан жаңа оқу жылымен құттықтап, білім алудың маңыздылығы жайлы насихат айтты.