Семей қалалық Даланбай ата мешіті

«Даланбай ата мешіті» Семей қалалық Мирный елді мекенінде орналасқан.  Семей қ. Мирный ықшамында Даланбай ата мешіті 2003 ж БТА банктің директор орынбасары Диканбаев Аслан Шайдоллаұлының бастаумен 300 адамдық мешіт құрлысы басталды. Мешіт кәзіргі заманға сай 8 қырлы 1  мұнаралы, 2 қабатты болып арнайы салынған. Мешіт 2006 жылы 25 қазанда ҚМДБ-ның бас мүфтиі Әбсаттар қажы Дербісәлі хазіреттін тапсырмасымен Семей өңірінің Өкіл имамы Тыныштық қажы Яхияұлы арнайы барып ашты Мешіттің іші бір түсті арнайы кілем төселген. Мешіттің төбесі жасыл түсті бояумен боялған, қабырғалары ақ түспен, шығар басқалбақтары және етекшелері жасыл бояумен боялған. Мешіттің іші үш люстра және голлоген жарықтарымен евролық үлгіде жасалған. Мешіттің ауласы жол салынып көгалданырылған. Мешіттің биіктігі 7м Мұнараның биіктігі 13м Мешіттің аумағы 380 м3 Бірінші қабаты медіресе, екінші қабатта 300 адамдық намаз оқыйтын орын, Құран оқыитын және имам бөлмесі орналасқан. Ауласында күзетшінің үйі. Ерлер, әйелдер дәретханасы (ыстық, суық су) Душ, от жағатын жер (кочегарка)

image002(26)