«Төкеш мешіті» Семей қалалық Нахаловка елді мекенінде орналасқан ҚМДБ-ның Семей аймағы бойынша Өкіл имамы Тыныштық қажы Яхияұлының ұйтқы болуыменен жер телімі алынып, Батыс кентінен жаңа мешіт салдыртуға Ғаббас Төкешұлына ұсыныс жасалды. Нәтижесінде алты ай көлемінде бас-аяғы мешіт құрлысы толықтай бітті. Мешітті Ибраевтар әулеті салдырған.
«Төкеш» мешіті Семей қаласы Батыс кентіндегі 3-ші қиылысында орналасқан, Мешіт құрлысы 2008 жылдың маусым айының 21 жұлдызында басталып, ғимарат толықтай халық игілігіне 2008 жылдың қазан айының 1 жұлдызында пайдалануға берілді.
Мешіттің жалпы ауданы – 0.2328 га, пайдалы көлемі – 227.7 шаршы м. Мешіт мәрмәрмен, металлокерамикамен безендірілген.
Мешіт ауласының жалпы көлемі 4800 шаршы м., мешіт ауласының 700 шаршы метіріне асфальт төселген, қалған жері арнайы көкеніс талдарымен және әртүрлі гүлдермен безендірілген.
Мешіт дәретханасы ыстық су және суық суы бар, 8 ер, 8 әйел адам еркін таһарт алуы үшін заман талабына сай жасалған. Мешітте әйелдер намаз оқитын жеке орын бар, және жеке демалатын, балалар сабақ оқитын орын бар – көлемі 20 шаршы метр. Мешіттіегі су құбыры орталықтандырылған және де табиғи су да ағып тұр.