«Қазақстан біздің ортақ үйіміз» тақырыбында ашық сабақ

Қазақстан мұсылмандар діни басқармасының Семей аймағы бойынша өкілдігі  «Әйел-қыздар секторының» ұйымдастыруымен Қазақстан халықтарының бірлігі күніне орай Семей қалалық  Қос мұнаралы орталық мешітінде «Қазақстан біздің ортақ үйіміз» тақырыбында ашық сабақ өтті. . Жиын мақсаты өскелең ұрпаққа бейбітшілік пен келісімнен тұратын Ислам дініміз арқылы, жер бетіне мейірім болып жіберген Пайгамбарымыз (с.а.с.) сара жолы арқылы ынтымақ пен бірлікті насихаттау.

Қасиетті Құранда бейбітшілік деген мағынаны білдіретін «сәлам» сөзі бірнешере рет қайталанып келеді.. Өйткені, Құран ең алдымен ынтымақ пен бейбітшілікті насихаттайды. Өзімізге белгілі болғандай ардақты Пайғамбарымыз (с.а.с) басқа ұлт дін өкілдерімен келісімде, бейбітшілік қарым қатынаста болған.

Біздің еліміз бейбітшілік пен келісімнің көрнекті мысалы. Себебі Қазақстан Республикасы қазіргі таңда 130-дан астам ұлттар мен ұлыстардың отанына айналған.Тарих көшінің белгілі бір кезеңінде әртүрлі саяси, экономикалық жағдайларға байланысты елімізге келіп қоныстанған ұлттар мен ұлыстар үшін қазақ жері киелі алтын бесік.

Іс-шараға ҚМДБ – ның  Семей аймағы бойынша өкіл имамы  Алтыбай Мақсат Қуанышұлы,  Семей аймағы бойынша  әйел-қыздар секторының меңгерушісі Тұрлықожанова Динара, орталық мешіт ұстазы Ахметжанова Жұмагүл ұстаз бастады. Мешіт жанындағы сауат ашу курсының 45-50 жылдық еңбек ардагері болған Елюбаева Фариза және Әбілқасова Нұршан  шәкірт әжелері мен жастары қатысты. Сабақ барысында шәкірттер еліміздегі әр түрлі ұлттардың бір шаңырақ астында бейбіт өмірлері туралы баяндама оқып өз ойларымен бөлісті.

 Сабақ соңы шәкірт бүлдіршіндер мен жастардың қатысуымен өткен мереккелік бағдарламамен жалғасты. Әжелер ақ батасын беріп, елімізге тыныштық, ынтымақ тіледі. Әжелеріміз елімізге және болашақ ұрпақтар үшін дұға тілек жасады.

 

Семей Қос мұнаралы орталық мешітінің баспасөз қызметі.