Ақтоғай бекетіндегі Құрбан айт мерекесі

Аягөз ауданына қарасты Ақтоғай бекеті «Мәнсул» мешітіне жамағат жылдағыдан көп жиналды. Мешіт молдасы Жомарт Жұмағазыұлы құрбан шалудың үкімі, айт намазы жайлы уағыз насихат айтты. Мешіт ақсақалдары жамағатты  мейраммен  құттықтап, жылы лебіздерін білдірді. Айт намазынан соң мешіт ауласында ұлттық спорт ойындарымен қатар ақдастархан жайылып, мерекелік ізгі шаралар ұйымдастырылды. Жеңімпаздарға сый – сыйапат жасалды. Құрбандық шалынып, әлеуметтік аз қамтылған, көп балалы отбасыларына ет таратылды.

Аягөз қалалық мешітінің баспасөз қызметі