Құрбан айт мерекесі

 Тамыз айының 11 күні сағат 7:00-де Мамырсу ауылында «Қазығұл Ата» мешітінде Айт намазы оқылып, соңы мерекеге ұласты. Мешіт жамағаты халыққа қазақтың ұлттық ойын түрлерін ұйымдастырды. Мысалға айтар болсақ, «Қазақ күресі»,  «Арқан тартыс»,  «Қой көтеру», «Тоқты көтеру», «Ләңгі тебу» ойындары. Жарыс өте тартысты өтті. Қызықты додадан тек жастар ғана емес, ақсақалдыққа қадам басқан ел ағалары да қалыспады. Жарыс басында ауыл ақсақалы Тұрсын Кебісбаев ақ батасын берсе, ауыл азаматы  Еламан  термесін арнады. Жарыс соңында бағалы ақшалай сыйлықтар таратылып, мешіт имамы Мұрат Жақсылық ұлы Батпақ, Мамырсу, Бозай ауылдарының кәсіпкерлеріне көмек қолын созғаны үшін ыстық ықыласын білдірді.

 Аягөз қалалық мешітінің баспасөз қызметі