Аягөз қаласындағы Мәуліт мерекесі

Аягөз қаласындағы «Қозы Көрпеш – Баян Сұлу» мәдениет үйінде екі дүние Сұлтаны Әз - Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с) туылған айы құрметіне Мәуліт мерекелік шарасы аталып өтті.

Аягөз қаласындағы «Қозы Көрпеш – Баян Сұлу» мәдениет үйінде екі дүние Сұлтаны Әз – Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с) туылған айы құрметіне Мәуліт мерекелік шарасы аталып өтті. Сахна шымылдығы шақырылған азанның әуезді үнімен жайлып ашылып, мешіт имамы, ұстаздарымен шәкірттердің Пайғамбарға салауат айтуымен басталды. Аудан әкімі Ділдәбек Тәжібайұлы жиналған көпшілікті мерекемен құттықтап, ақ тілегін білдірді. Белгілі айтыскер ақын Дидар Қамиевпен Нұрмухамед Байсүгіровтің айтысы мерекенің ажарын аша түсті. Демеушілер айтыс ақындарына ат шапанымен сый – сыйапатын жасады. Мәденеит үйінің әртістері дайындаған сахналық қойылым еріксіз көзге жас алдырып, көпшіліктің көңілінен шықты. Аягөз қалалық мешітінің 2019 жылы атқарған істерінен бейнеролик көрсетіліп, домбырамен діни әндер шырқалды. Мереке соңынан ақжаулықты әжелер шашу шашып, жиналған қауым мерекелік көңіл күймен келесі Мәулітке амандықпен жетуді тілесті.

Аягөз қалалық мешітінң баспасөз қызметі