Семей имамдары Бас мүфидің құран оқу үндеуіне үн қосты фото

«Біз – тарихымыздың сан қилы сындарлы сәттерінде үмітсіздікке берілмей, бір Алладан медет тілеген халықпыз. Осы ретте мұсылман қауымын еліміз бен жеріміздің, күллі адамзаттың амандығы үшін дұға жасауға, Аллаға мадақ, пайғамбарға салауат айтуға шақырамын. Ал барша дін қызметкерін Құранды мүмкіндігінше үздіксіз хатым етуге үндеймін» - деген Бас мүфти бастамасы еліміздегі құлшылық ордаларында жүзеге асуда.

Үндеуге үн қосқан Семей аймағының Бас имамы Асқар Әбітайұлы бастаған қалалық мешіт имамдары бүкіл әлемді алаңдатып отырған COVID-2019 жұқпалы індетіне қатысты Алла Тағаладан Еліміздегі және әлемдегі күллі мұсылман үмбетін, барша адамзат баласын жұқпалы індеттен сақтап, науқастанған жандарға шипа беруін, халқымызға амандық, жұртымызға тыныштық нәсіп етуін тілеп дұға жасады.
Семей өңірі бойынша өкілдігі үздіксіз Құран хатым етуге кірісті. Қала имамдарының арнайы құран оқу кестесі түзілді.

Семей Қос мұнаралы орталық мешітінің баспасөз қызметі.