Мешітте кешенді дезинфекция жасалды фото

Күллі әлемді дүрліктіріп, күн санап өршіп келе жатқан коронавирус пандемиясының алдын алу мақсатында еліміздегі мешіттерде залалсыздандыру жұмыстары қолға алынды.

Елімізге төнген қатердің алдын алу мақсатында сақтық шаралары тағы да күшейтілді. Семей қалалық «Қос мұнаралы» орталық мешіті және мешіт жанындағы хатымхана, дүкенді  толықтай арнайы аппараттармен залалсыздандырылды.

Арнайы мамандар келіп, химиялық қоспасы бар құрал арқылы кешенді тазарту жұмыстарын жүргізді. Бұдан өзге де істер атқарылып, күн сайын қауіпсіздік шаралары күшейтілуде.

 Семей Қос мұнаралы орталық мешітінің баспасөз қызметі.