ОНЛАЙН ҚҰРАН ХАТЫМ

ӘССАЛАМУҒАЛЕЙКУМ ҚҰРМЕТТІ ЖАМАҒАТ!!! Еліміздегі төтенше жағдайға байланысты тікелей эфирде болатын онлайн құран хатымына шақырамыз!

Күнделікті сағат 12:00- де facebook желісіндегі (Семей Мешіті Семей), немесе Instagram желісіндегі (@Asar__semey) парақшаларымызда көре аласыздар. Елімізге танымал болған: 10 жасында толықтай Құранды жаттап, Асым, Нафиғ, Ибн Касир, қырағаттарын меңгерген, 2013 жылы республикалық Құран жарысының бас жүлдегері; 2015 жылы республикалық Қызылжар Құран жарысының бірінші орын иегері; т.б көптеген жарыстардың жүлдегер Яхия Құрбан Сансызбайұлы жүргізеді

Қасиетті айда Құран Кәрімді хатым түсірудің сауабы ерекше, Раббымыз Пайғамбарына (с.а.у) былай деп үндейді: «(Ей, Мухаммед!) Раббыңның кітабына өзіңе уахи етілгенді оқы. Оның сөздерін өзгертуші жоқ әрі Одан өзге (пана) қорғаныш таппайсың» («Кәһф» сүресі, 27-аят)

Алла елшісі (с.а.у): «Құран оқыңдар! Құрандағы әр бір аят сіздің жәннәттағы дәрежеңіз».

Алла елшісі (с.а.у): «Қайсы бір үйде Құран оқылатын болса, ол үйді иесіне кең және берекелі етіп қояды. Қайсы бір үйде зікір айтылмай, Алла Тағаланы еске алмаса, ол үйді тарылтып берекесіз етіп қояды»

Алла елшісі (с.а.у): «Құран оқыңдар! Құранға ыдыс болған жүректі Алла тағала азаптамайды».

Рамазан сауапқа толы Құран айы болғандықтан, төтенше жағдай кезінде үйде болып Құран оқып, оны тыңдап әсер алуыңызға тілектеспіз.