Әйел қыздар секторының ұйымдастыруымен 100 отбасына ауыз ашар пакеті таратылды.

"Жарты құрмамен болсын өздеріңды тозақ отынан аман алып қалыңдар" - деп өсиет қалдырған Алла елшісі (с.ғ.с.). Жалпы Рамазан айында ауыз аштыру сауабын бәріміз жақсы білеміз.

Ал биылғы оразамыз карантин жағдайында ерекше өтуде. Дегенмен мұсылман қандай жағдайда да жақсылық жасауды тастамау керек. Осы орайда Семей қаласы бойынша әйел қыздар секторының ұйымдастыруымен 100 отбасына ауыз ашар пакеті таратылды.

Ұстаздар мен шәкірттер үй үйді араралап ораза тұтқан жандарға ауыз ашар дәмін ұсынып қасиетті Рамазан айымен құттықтап қайтты. Шара мақсаты Алла разылығы үшін осындай қиын қыстау кезде мұсылман бауырларымыз ға демеу болу.

 Семей Қос мұнаралы орталық мешітінің баспасөз қызметі.