Карантин жағдайына байланысты көпшілік жиналатын шаралар уақытша тоқтатылғаны белгілі. Соған байланысты Қос мұнаралы орталық мешіті ауызашар ретінде ыстық тамақ, салат, сусындар, жеміс пен тәттілер таратып келеді.
Мешіт имамдары мен еріктілер тобы Рамазан айының құрметіне Соғыс және Еңбек ардагерлеріне мамыр айы мейрамдарымен құттықтап, көмек көрсетілді. Семей қаласы бойынша 200 отбасының үйіне ауызашарға арналған дастарханын тегін жеткізіп, қала, аудан тұрғындарын қуантып отыр.
Ал Аягөз аудандық мешітінің бас имамы Думан Нәдірұлы бастамасымен, жамағаттың қолдауымен 100 адамға арналған ауызашар дастарқанын жеткізу өз жалғасын табуда.
Семей Қос мұнаралы орталық мешітінің баспасөз қызметі.
Пікір қалдыру