ИМАМ АУДАН ӘКІМІМЕН КЕЗДЕСТІ

Үржар аудандық мешітінің бас имамы Ұлан Ермекұлы Үржар ауданының әкімі Тоқсейтов Нұржан Тілеужанұлымен кездесіп, қасиетті Рамазан айымен құттықтады.

Кездесуді алдымен Семей өңірінің Бас имамы Асқар Әбітайұлының құттықтау хатын табыстауынан бастап, еліміздегі төтенше жағдайға байланысты биылғы Рамазан айының ерекшеліктері жайлы сұхбат етті.

Атап өтсек, жұқпалы індеттің алдын алу мақсатында мешіттерде тарауық намазы оқылмай, үйде отбасымен оқылуын және ауызашар дастарханы жайылмайтынын, пітір садақаны Kaspi.kz  қосымшасы арқылы онлайн беруге болатынын баяндады. Сонымен қатар, бас имамның бастамасымен аудан бойынша өткізіліп жатқан игі қайырымдылық істер жайлы хабар етті. Рамазан айының қасиетіне орай алдағы уақытта жоспарланған бірқатар шаралармен таныстырды.

Сонымен  қатар Үржар аудандық мешітінің бас имамы Ұлан Ермекұлы ауыл имамдарымен кездесті. Елдегі карантин жағдайына байланысты биылғы Рамазан айында  тарауық намаздары үйде отбасымен, жақындарымен оқылатындығын, биылғы белгіленген пітір мөлшері 370 теңге, ораза ұстаудың шарттары мен үкімдерін толық баяндады. Карантин кезінде мұқтаж көрген жандарға барынша көмек көрсетуді тоқтатпай, қайырымдылық шараларды өткізуді жалғастыру жөнінде тапсырма берді.

Ұлан Ермекұлы бастамасымен аудандық мешітте жөндеу жұмыстары қолға алынды. Атап өтсек, бояу, кафель ауыстыру және т.б. жұмыстар өткізілуде. Мешіт іші таза, ауласы гүлмен құлпырып тұрса, бұл мешіт жамағатына, аудан халқына құрмет болмақ. Бас имам мешіт ауласының таза, көркем болуына әрдайым атсалысатынын атап өтті.

Үржар аудандық орталық мешіттің баспасөз қызметі.