Білім күні балаларға планшет табысталды

«Мектепке жол» акциясы аясында Аягөз қалалық мешіті 1- ші қыркүйек - білім күні, жаңа оқу жылына әлеуметтік аз қамтылған мектеп оқушыларына 10 балаға планшет табыстады.

Демеушілердің көмегімен «білім – қазынаның кілті» – деген қағидаға сай, «бір бала қуанса – көкте періштелер шаттанар» – дегендей оқушылардың ата – аналары жомарт азаматтарға алғыстарын білдіріп, мешіт қызметкерлеріне рахметтерін айтты.

Аягөз қалалық мешітінің баспасөз қызметі