“Әйел – қыздар секторы” мұсылман әйелінің дәстүрлі киім үлгісін ұсынды.

ҚМДБ Семей қаласы Қос мұнаралы орталық мешіті "Әйел - қыздар секторы" мұсылман әйелінің дәстүрлі киім үлгісін ұсынды.

Сан қырлы ұлттық өнеріміздің бір саласы – ою-өрнектер екені мәлім. Сапалы бархаттан тігіліп, ұлттық нақыштағы ою өрнекпен безендірілген комзол мен пиджак шәкірт қыздарымыздың туындысы. Сонымен қатар күнделікті киім түрлерін де ұсынды. Осындай ұлттық өнерді кәсіп етіп жүрген Қалиаттар Бақытгүлге және Оразғалиева Құралайға алғысымызды білдіріп, еңбектеріне жеміс тілейміз. Ұлттық өнерді дамытып жалғастыратын жастарымыз көп болсын!

Семей Қос мұнаралы орталық мешітінің баспасөз қызметі.