Қос мұнаралы орталық мешіті Әйел қыздар секторы қарияларды құттықтады

Қарттар күні үлкендерді сыйлау мен оларға құрмет көрсету ата-бабадан келе жатқан салтымыз.

 Ата әжелеріміздің ақыл-кеңестері тәлім-тағылымдары біз үшін орны бөлек көңілдері кең жүректері мейірімді кеудесі қазына сөзі қасиетті ата әжелерімізді құттықтап  ақ баталарын алдық.

«Раббың бір Өзіне ғана құлшылық етуді, ата-анаға барынша жақсылық жасауды үкім етті. Егер олардың біреуі немесе екеуі бірдей қолыңда қартайса, (оларды ауырсынып немесе жақтырмаған сыңай танытып) тіпті «Түу!» деп те кеюші болма, сондай-ақ оларға зекіп ұрыспа! Керісінше, оларға жанға жағымды жылы сөз айт!» («Исра» сүресі, 23-аят)

«Үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетпеген – бізден емес» (хадис)

«Уа, Раббым! Олар мені бала күнімде қалай мәпелеп өсірген болса, Сен де оларды дәл солай мейіріміңе бөлей гөр!»

Несіне жетісесің, бала батыр,
Қариялар азайып бара жатыр,
Бірі мініп келместің кемесіне,
Бірі күтіп кезегін жағада тұр.

©️ Мұқағали Мақатай