Онлайн сауат ашу курсы өз жалғасын табуда.

Семей қаласындағы Қос мұнаралы орталық мешітінде қыз келіншектерге арналған сауат ашу курсы әлі де өз жалғасын табуда.

Сабақтар онлайн жүйесі арқылы намаз үйрену, құран оқып үйрену, тәжуид және уағыз насихат сабақтары бойынша аптада төрт күн оқытылады. Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) хадисінде «Адамдар екі түрлі нығметтің қадірін білмейді олар; денсаулық пен бос уақыт» деп айтылған. Ал, «Бір минут уақыт деген сөз, бір үзік менің ғұмырым» деп, уақыттарын босқа өткізбей, мешіттен тәлім тәрбие алып жүрген шәкірттердің саны күннен күнге артуда. Орталық мешіттің қолдауымен жүзеге асып отырған осындай діни сауат ашу курстары өз жемістерін беріп келеді.

Семей Қос мұнаралы орталық мешітінің баспасөз қызметі.