Мәуліт айына орай 63 отбасына қайырымдылық көмек көрсетілді

ҚМДБ-ның Семей өңірі бойынша өкілдігі және «Зекет» қоры Пайғамбарымыз хазіреті Мұхаммед (с.ғ.с.) дүниеге келген Мәуліт айының құрметіне орай өңірдегі 63 отбасыға қайырымдылық көмек көрсетті.

Аталмыш игілікті шараға қаладағы кәсіпкерлер қауымы, мешіттер жамағаты атсалысты. Мұқтаждықтары бар аз қамтылған және көпбалалы отбасыларға күнделікті тұтынылатын қажетті азық-түліктер жеткізіліп берілді. Табыс етілген әр көмек қоржынына шамамен 4-5 мың теңге қаражат жұмсалыпты.

– Қазіргідей жағдайда мұқтаж жандарға қол ұшын созып, қайырымдылық жәрдем жасау, азық тарату – Алла елшісінің өз үмметіне үйретіп кеткен сүннет амалы. Мәуліт айына орай, Пайғамбар жасына сай 63 отбасына көмек нәсіп болды. Қол ұшын созған барша демеушілерге біздің де алғысымыз шексіз, – дейді ҚМДБ «Зекет» қорының Семей өңірі бойынша бөлім жетекшісі Біржан Аманжолұлы.

Семей Қос мұнаралы Орталық мешітінің баспасөз қызметі