Әскери госпитальдағы кездесу

Аягөз қаласында оңтүстік әскери қалашықта орналасқан №21454 госпитальда мешіттің бас имамы Алмас Айткәрімұлы әскери жеке құраммен кездесуге қатысты.

 Жиын барысы жат діни ағымдар мен ихсан ілімі жайлы болды. Алмас Айткәрімұлы қасиетті рамазан айыда өткен кездесуде жат ағымның алдын алу шараларымен қатар, ҚМДБ – ның тарапынан биылғы жылы ихсан ілімі жайлы атқарылып  жатқан істерге тоқталды. Әскери госпиталь қызметкерлері бас имамға көкейлеріндегі сұрақтарды қойып, алдағы уақыттада осындай кездесу жалғасын тапса деген ниеттерін білдірді.

Аягөз қалалық мешітінің баспасөз қызметі