Рамазан айының берекеті 12144 мұқтаж отбасына жетті

Рамазан жомарттық айы, бұл айда мұсылмандар көбірек құлшылық ғибадат қылып, ораза ұстап, зекет, садақаларын беріп Аллаға мінажат қылады.

Қасиетті Рамазан ай бойы Семей өңірі имамдары отыз күн тынбай қызмет етіп, пітір садақадан және демеушілер тартып 12144  мұқтаж от басыға қаражаттай, азық түлік, ауыз ашар дорбаларын,  киім кешек және зекетті жалпы соммасы 52.090.000 теңге көлемінде қаражатты құрайтын қайырымдылық жасады. Айта кетсек «Рамазан берекеті», «Қайырымдылық жасасаң қайырын өзің көресің», «Рамазан керуені» т.с.с қайырымдылық акцияларын өткізіп азық-түліктер таратылса, «Ел үлесі пәтерге» жобасы бойынша бір мұқтаж отбасына пәтер беріліп, «Қолдан қолға» жобасы бойынша мұқтаж отбасыларына қаражаттай зекет таратылды.  «Қайырымды жұма» акциясы аясында, жұма күні Семей қаласының он шақты автобустары жолаушыларды бір күн бойы тегін тасыса, карантиндік жағдай болғандықтан мешіттерде «Ауыз ашар дорбасы» аясында ауыз ашарлар дайындалып, ораза ұстаушыларға жеткізілді. Қасиетті айт күндері айттың құрметіне «Балаларға базарлық» акциясы аясында мешіттер жанында балаларға тәттілер таратылды. Рамазан айында қайырымдылыққа ат салысқан барша ағайындарға Алла разы болсын.

Семей Абай Құнанбайұлы атындағы орталық мешітінің баспасөз қызметі.