Семей: Жоламан қасапхана және ет сату сауда орталығы халал стандартқа өтті

Семей қаласында Жоламан сауда орталығы ашылуына орай Семей аймағы бойынша Бас имамы Асқар Әбітайұлы қасапхана және ет сату сауда орталығына арнайы барып ет өнімдері сатушыларымен кездесті

Хақ Тағала бүкіл адамзатты адал әрі таза тамақ ішуге бұйырып, шайтанның жолына ермеуге шақырады. Бұл жайында: «Уа, адамдар! Жер бетіндегі адал әрі таза нәрселерден жеңдер. Шайтанның ізіне ермеңдер, өйткені ол сендерге анық дұшпан», – делінген (Бухари, Нәсаи риуаят еткен).

Өкінішке қарай, қазіргі таңда көпшілік мұсылмандардың да адал кәсіпке, халал тамақтануға немқұрайлық танытып жатқаны байқалуда. Мұны Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) күні бұрын біліп: «Бір заман келеді, онда адамдар мал-дүниені қалай (халалдан не харамнан) тауып жатқанына мән бермей қояды» (Бухари, Нәсаи риуаят еткен), – деп баяндаған.

Бас имам қасапхана және ет сату сауда орталығына «ҚМДБ халал» сертификатын  және қасапшы куәлігін табыстады.

Бас имам Асқар Әбітайұлы ет сатушыларға еттің халал болуына көңіл бөлу керек екенін айтып түсіндерме жұмыстарын жүргізді.

Семей Абай Құнанбайұлы атындағы орталық мешітінің баспасөз қызметі.