Семей өңіріне 15 жылға жуық дін саласында атап айтқанда Абай ауданы, Семей қалалық Тыныбай мешіті, және Қос мұнаралы орталық мешітінде қызмет атқарды. Баешов Бекзатқа Семей аймағының Бас имамы Асқар Әбітайұлы алғыс хат беріліп, иығына шапан жабылды. Мешіт жамағаты ризашылықтарын білдіріп, наиб имамға ақ жол тіледі. Семей аймағының бас имамы Асқар Әбітайұлы мешіт ұжымы мен жамағаттың алдында жаңа қызметіне Алла бұдан кейінгі дін жолындағы қызметіне жәрдем беріп, биік белестерден көрінуді нәсіп етсін! Жамағаттағы ақсақалдар да батасын беріп, ақ жол тіледі.
Семей Абай Құнанабайұлы атындағы орталық мешітінің баспасөз қызметі.
Жастар тәрбиесінде Баешов Бекзат мырзамен талай семинар,дөңгелек столдар өткізіп едік. Студенттер мен
кездесуде әртүрлі сұрақтарға жауап
беріп ,өзінің біліктілігін көрсетіп еді.
Ақ жол.Аман болсын.Алла жар болсын.
“Семей қаласының мұсылман әйелдері
одағы” төрайымы:Гүлжихан қажы.
Ел дініне еңбегі сіңген азамат. Таразда да ісін Алла хайырлы етсін. Ақ жол!