«Мектепке жол» акциясы

Аягөз қалалық мешіті жылдағы үрдіске сай «Мектепке жол» акциясын ұйымдастырды.

Мешіт жанашырлары мен демеушілер көмек қолын созып, әлеуметтік аз қамтылған, көпбалалы отбасыларының балаларына мектеп құралдары салынған сөмекелер табысталды. Жүзден астам отбасылары балаларына сөмкелерді табыстап тұрып, мешіттің наиб имамы Дәулет Қинаятұлы оқушылардың сабақта озат болумен қатар, ата – аналардың үмітін ақтап, еліміздің елеулі азамат пен азаматшалары болуын тіледі. Мешіттегі осынау ізгілікті іске көмек алушы ата – аналар, демеушілерге рахмет айтып, алғыстарын білдірді. Балалардың қуанышты сәті үстінде сонымен бірге балмұздақ үлестірілді.

Аягөз қалалық мешітінің баспасөз қызметі.