Оқушылар қуанышқа бөленді

Шар қалалық мешіт қызметкерлері мен өңірдің кәсіпкерлері бірлесе отырып биылғы жаңа оқу жылы аясында бастау алған «Мектепке жол» акциясына ат салысты.

Қазақстан мұсылмандар діни басқармасының төрағасы, бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен осынау акция аясында қаланың 4 мектебінде оқитын 20-дай оқушыға мектепке қажетті оқу құралдарын тарту етіп, қайырымдылық іс-шарасын ұйымдастырды. Игі іске қолдау көрсетіп, мешіт қызметкерлерімен қатар жаны жомарт қала кәсіпкерлері де белсенділік танытып, іске асырған айтулы шара барысында оқушылар қуанышқа бөленді. Қашанда қайырымды іс жасаған жанның қайырын өзі көретіні асыл дінімізде үнемі айтылуы тегін болмаса керек.  Бала болашағымыз, ендеше елдің ертеңін қалыптастыратын бұл оқушылардың келешегі кемел, болашағы жарқын болуына тілектеспіз, жаңа оқу жылы табысты болсын дегіміз келеді.
Абдулсамат Тойғұлдыұлы. Шар қалалық  мешіттің бас имамы.

Шар қалалық мешітінің баспасөз қызметі.