СЕМЕЙ ӨҢІРІНДЕ ҚҰРАН ХАТЫМ ОҚЫЛДЫ (ФОТО)

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жамбыл облысы Байзақ ауданындағы адам өліміне әкеп соқтырған қайғылы оқиғаға байланысты 29 тамызды Жалпыұлттық аза тұту күні деп жариялаған болатын.

Жалпыұлттық аза тұту күніне орай бүгін еліміздің барлық мешітінде Құран хатым дұғасы жасалды. Бас мүфти бастамасы негізінде жүзеге асқан игі іске еліміздің барлық өңіріндегі құлшылық ордалары бірыңғай үн қосып, жергілікті уақыт есебімен сағат 10.00-де бір мезетте Құран оқылып, қазаға ұшыраған марқұмдардың рухына бағышталды.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының  Семей аймағы бойынша Бас имамы Мұқанов Асқар Әбітайұлы, және қалалық мешіттердің бас имамдарымен құран хатым дұғасын жасады. Қасиетті Құран аяттарынан болған сауапты марқұмдардың рухына бағыштап, жарылыстан зардап шеккен Жамбыл облысындағы жерлестерімізге сабыр мен шыдам, жеңілдік сұрап бата қайырды.