Жарма ауданында «Мектепке жол» акциясы өтті

Семей аймағына қарасты Жарма аудандық мешітінде  «Мектепке жол» қайырымдылық акциясына өтті.

Игі іс-шарада Жарма ауданының бас имамы Тимур Қайдарұлы  Халқымыз «Қуантсаң баланы қуант, ақылына сәуле түссін» дейді. Бүгінгі іс-шараның басты мақсаты да осы – баланың жүрегіне қуаныш  ұялату. Алла Тағала осы балалардың зейінін ашып, еліміз бен жеріміздің игілігіне қызмет ететін тұлғалар болуын нәсіп еткей. Әр отбасыға бақыт пен жақсылық тілеймін» деді.

Айта кетсек, қайырымдылық акция аясында 30 балаға 10 сертификат 20 мектеп сөмкесі мен оқу құралдары берілді.

Жарма аудандық мешітінің баспасөз қызметі.