“АБАЙ ҚҰНАНБАЙҰЛЫ” АТЫНДАҒЫ ОРТАЛЫҚ МЕШІТІНДЕ ТӘУЕЛСІЗДІК ЖОЛЫНДА ҚҰРБАН БОЛҒАНДАРДЫҢ РУХЫНА ҚҰРАН БАҒЫШТАЛДЫ. (ФОТО)

Семей аймағы “Абай Құнанбайұлы” атындағы орталық мешітінде шаһардағы дін қызметкерлерінің ұйытқы болуымен егемендік жолында құрбан болған боздақтардың рухына бағышталып Құран-хатым оқылды. Аталмыш рәсім қасиетті де, қадірлі болған жұма намазында жамағаттар және  мешіт имамдары  жиналған болатын. Дін өкілдері оқылған Құран сүрелерінен соң, күні кеше Тәуелсіздік жолында қыршын кеткен барша боздақтарға дұға жасап, ел егемендігінің баянды, іргеміздің тыныштығы мен амандығы үшін Жаратқаннан тілек тіледі.  Сөз соңында қария атамыз: “Тәуелсіздік күні халқымыз үшін тек жақсылықтардың, өркендеу жолындағы жетістіктердің бастауы болғай!” – деп батасын берді.

“Абай Құнанбайұлы” атындағы орталық мешітінің баспасөз қызметі