“РАХМАННЫҢ ҚОНАҚТАРЫ” АТТЫ ЕКІ КҮНДІК СЕМИНАР ТРЕНИНГ (ФОТО)

Елімізде тұңғыш рет ұйымдастырылып отырған РАХМАННЫҢ ҚОНАҚТАРЫ атты, екі күндік ОНЛАЙН-ОФЛАЙН форматта семинар тренинг өтті.

Дәрісті өткізудегі мақсат – отандастарымыздың ұлы сапарға рухани дайындығын пысықтау, толғандырған сауалдарына толық жауап беру. 1-ші күні ҚМДБ Семей аймағы бойынша қажылық бөліміне жауапты, Тыныбай мешітінің бас имамы Мақсат қажы Алтыбай және ҚМДБ  Tawaf Travel қажылық компаниясының гиді Рашид Мейімбекұлы қажылық сапарына байланысты семинарда қажылықтың парыздары, рәсімдері, умра т.б. шарттар мен рүкіндер жайлы түсіндірді. Семинарда арнайы  сұрақтарға жауап берілді. 2-ші күні Абай Құнанбайұлы атындағы орталық мешітінің наиб имам, ұстазы, ҚМДБ  Tawaf Travel қажылық компаниясының гиді Рашид Мейімбекұлы ихрам кию, шаш алдыру сияқты шариғи шарттар жайында аят-хадистерден дәлелдер келтіріліп, қажыларға қажетті маңызды мәліметтерді жеткізіп сұрақтарына жауап берді. Семинар-тренинг Instagram тікелей эфирі және Zoom қосымшасы арқылы өтті.

Абай Құнанбайұлы атындағы орталық мешітінің баспасөз қызметі