СЕМЕЙ ӨҢІРІ “ЕЛ-ҮЛЕСІ ПӘТЕРГЕ” ЖОБАСЫ АЯСЫНДА 2021 ЖЫЛЫ 10 ПӘТЕР БЕРДІ (ФОТО)

Семей өңірінде 2021 жылы «Ел үлесі – пәтерге» жобасы бойынша жыл бойы  10 баспананың кілті табысталды.

«Дінімізде тозаңның салмағындай жақсылық жасасаң да, қайырымын көресің дейді. Тозаңның салмағын өлшеп көрдіңіз бе? Оның өлшемін, оның қайтарымын Алла Тағала ғана біледі. Біздің бұл жердегі шынайы ниетіміз сақталуы керек. Бүгінге дейін «Зекет және қайырымдылық» қорының ұйымдастыруымен 400-ден аса пәтер берілді. Бұл – үлкен көрсеткіш. Осынша отбасыға қуаныш сыйлап, үй-жайлы болуына ықпал еттік.  Біз үшін одан асқан бақыт жоқ. Алла Тағала баршамызды осындай шат-шадыман сәттерімізден айырмасын» деді ҚМДБ Семей өңірінің бас имамы Асқар Әбітайұлы.

 

Абай Құнанбайұлы атындағы орталық мешітінің баспасөз қызметі