Политехникалық колледждегі кездесу

Аягөз қаласындағы политехникалық колледжде студенттермен кездесу болды.

Кездесуге Семей қалалық Абай Құнанбайұлы атындағы орталық мешітінің наиб имамы, ЖАНТ мүшесі Ержан Исаханұлы, Аягөз қалалық мешітінің бас имамы Алмас Айткәрімұлы, ішкі саясат бөлімінің бас маманы Сымбат Талғатқызы қатысты. Ержан Исаханұлы «Ислам әдебі – дініміздің негізі» жайында тәрбиелік насихат айтты. Аягөз қалалық мешітінің бас имамы Алмас Айткәрімұлы «Ихсан ілімі – ұрпақ сабақтастығы» жайын, ішкі саясат бөлімінің бас маманы Сымбат ханым жат ағымның қоғамға зияны жөнінде баяндады.

Аягөз қалалық мешітінің баспасөз қызметі