ЖАНТ мүшесі №10810 әскери бөлімінде

Аягөз қаласындағы №10810 әскери бөлімінде кездесу өтті.

Бұл жиынға Семей қалалық Абай Құнанбайұлы атындағы орталық мешітінің наиб имамы, ЖАНТ мүшесі Ерлан Досымұлы, Аягөз қалалық мешітінің бас имамы Алмас Айткәрімұлы, ішкі саясат бөлімінің бас маманы Сымбат Талғатқызы және әскери қызметкерлер қатысты. Кездесуде Ерлан Досымұлы «ОТАНДЫ ҚОРҒАУ АМАНАТ» тақырыбында әскери қызметкерлердің отансүйгіштікке деген рухты көтеретін хадистер мен бабалар сөзін жеткізді. Сонымен қоса бүгінгі күндегі өзекті мәселелердің бірі суицид пен ойынқұмарлықтың алдын алу жолдарында айтып өтті. Алмас Айткәрімұлы бабаларымыздың ақ білектің күші мен ақ найзаның ұшымен алынған жеріміздің тыныштығы мен бірлігі Қазақстандық әр азаматтың аманаты екенін айтты.

Аягөз қалалық мешітінің баспасөз қызметі