Жастар бөлімі футбол ұйымдастырды

Аягөз қалалық спорт мектебінде мешіт жанынан құрылған жастар бөлімі мүшелері арасында теңбіл доп ұйымдастырылды.

Семей аймағы бойынша жастар бөліміне жауапты Ержан Исаханұлы Аягөз жастарымен футбол ойнады. Алла елшісі (с.ғ.с): «Күшті мұсылман әлсіз мұсылманнан жақсы әрі Аллаға сүйкімді. Дегенмен, әрбірінде жақсылық бар. Саған пайда беретін нәрсеге ұмтыл, Алладан жәрдем тіле, әлсіз болма» – деген. Бабаларымыз: «Негізінде, күш – қуат барлық нәрседе болғаны дұрыс сенімде, білекте, ақылда және ілімде» – дегеніндей, жастар алдағы уақытта игілікті шараларды өткізбек.

Аягөз қалалық мешітінің баспасөз қызметі