Аягөз қаласы орталық мешітінің жанынан құрылған «Әйел – қыздар» секторы мүшелері арасында «Кітап оқудың артықшылығы» атты тақырыпта кездесу өтті.
Жиында алғы сөз алған Орталық мешіттің наиб имамы Дәулет Қинаятұлы білімнің артықшылығы жайында уағыз-насихат жүргізсе, кейін сектор басшысы Айнагүл Манарбекқызы «Кітап білім – бұлағы» атты баяндама жасады. Сонымен қатар, мешіт ұстазы Әсел Рымғалиқызы қасиетті Құран Кәрімнің қадірі жайында сөз қозғады.
Кездесу барысында сектор мүшелеріне сұрақ – жауап ұйымдастырылып, сыйлыққа кітаптар тарту етілді.
Пікір қалдыру