СЕМЕЙДЕ ҚМДБ ҚҰЖАТТАРЫН ТҮСІНДІРУГЕ АРНАЛҒАН СЕМИНАР БАСТАЛДЫ

Бүгін «Абай Құнанбайұлы» атындағы орталық мешітте Семей қаласының имамдарына арналған семинар басталды. 

Семинар барысында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы қабылдаған концептуалды құжаттар талқыланып, Діни басқарма жұмысының негізгі өзегі болған тарихи құжаттар насихатталды.

Басқосуға Семей қаласына қарасты мешіттердің имамдары қатысып, ҚМДБ құжаттарының маңыздылығы мен жекелеген бағыттар бойынша басты ережелері пысықталды. Семинар барысында Абай облысының бас имамы Асқар Әбітайұлы семинардың маңыздылығына тоқталып, аталған құжаттар жайлы баяндама жасады.