Захра Рашидбейги: Дінаралық достықтың кемел үлгісі – Мәдина келісімі

Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съезі Хатшылығының ХХ отырысында сөз алған Иран Ислам Республикасы Діндер мен мәдениеттер диалогы орталығының департамент директоры Захра Рашидбейги пайғамбарымыз Мұхаммедтің (с.ғ.с.) Мәдина қаласына келгеннен кейін түрлі дін өкілдерінің бейбітшілікте өмір сүруі үшін жасаған “Мәдина келісімін” тілге тиек етті.

“Бұл келісімнің қазіргі өмір үшін де маңызы зор. Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезінің мақсат-мүдделері де осы келісіммен үндес. Біз Мәдина келісімін басшылыққа ала отырып, қазіргі таңдағы түрлі қақтығыстар мен келіспеушіліктердің алдын ала аламыз”, – деді ирандық қонақ.

Сондай-ақ ол Иранда өткен ғасырдың ортасынан бері Мәдениет және исламдық байланыстар жөніндегі ұйым жұмыс істейтінін, оның мақсаты да Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съезімен сәйкес келетінін айтты