АБАЙ ӨҢІРІНДЕ МӘУЛІТ КЕШІ ӨТКІЗІЛДІ

Абай өңірінде қасиетті айдың құрметіне орай мәуліт кеші ұйымдастырылды. «Мейірімді Мұхаммед(с.ғ.с)» атты рухани кеште Аллаға мадақ, Пайғамбарға салауат айтылып, мәуліт жыры оқылды. Ғибратты сахналық көрініс қойылып, облыстың Бас имамы Асқар Мұқанов жиналған көрерменге уағыз-насихатын жеткізді.